Қызылордалық полицейлердің кезекті жеңісі

206

0

15-18 тамыз аралығында Талдықорғанда самбодан алты салмақ дәрежесі бойынша Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті. Оған облыстық полиция департаментінің құрамасынан жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ержан Абдуллаев және оқу жаттығу взводының аға инспекторы, полиция майоры Жасұлан Досымов қатысты.

90 килограмм салмақ категориясы бойынша Е.Абдуллаев 1 орынды, 100 килограмм салмақта Ж.Досымов 3 орынды жеңіп алды. Дзюдо және самбо күресінен Қазақстанның спорт шебері, полиция аға лейтенанты Е.Абдуллаев 2015 жылы жекпе-жек сайысынан ҚР ІІМ чемпионатында 2-орын иеленсе, 2017 жылы Америка құрама штаттарында өткен Бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер арасындағы әлем чемпионатында дзюдо күресінен 3-орын, греплинг күресінен 2-орынды жеңіп алды.
Сол сияқты, 2018 жылы самбодан ел чемпионатында топ жарса, осы жылы Алматы қаласында дзюдодан Конфедерация кубогында командалық 3-орынға қол жеткізген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<