
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының м.а. – облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің парақорлық фактісін анықтады. Ол қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін қарамағындағы аудандық бөлімшелердің басшыларынан 30-50 мың теңге аралығында жүйелі түрде пара алғаны үшін күдікті атанды», – деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз хатшысы Арман Бердалин елордада өткен брифингте.
Сондай-ақ, күдікті санитарлық талаптарға сәйкестік туралы оң шешім шығару үшін жеке балабақша өкілінен 150 мың теңге сомасында пара алған. «Күдікті кінәсін толық мойындады. Тергеу жұмыстары жалғасуда», – дейді Арман Бердалин.