«Тасбөгет» гидробекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындады

227

0

Қызылорда қаласы маңындағы «Тасбөгет» гидробекетінде су деңгейі қауіпті белгіге жақындады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 «Тасбөгет» гидробекетінде Сырдария суының қауіпті деңгейге жетуіне 36 см қалған. Қазіргі деңгей – 704 см, қауіпті деңгей – 740 см. «Осыған байланысты 9-11 қаңтар аралығында су бұдан әрі көтеріліп, өзен жағасына тарауы мүмкін», – делінген синоптиктердің хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<