Суицидтің алдын алу тақырыбында семинар өткізілді

672

0

Суицидтің алдын алу тақырыбында семинар өткізілді Жалпы суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Сондай ақ, өз-өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін. Мамандар суицид оқиғасының жиiлеуiне әртүрлi себептердi алға тартады. Соның ішінде әлеуметтiк жағдай, тиiстi отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, моральдық және физикалық зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, соттық жауапкершіліктен қауіптену әрекеттерін жасауы сияқты жағдайлар негізгі факторлар. Өмiр болғаннан соң қиындығы мен қызығы қатар жүредi. Осындай жағдайлардың алдын – алу мақсатында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК – 169/1 мекемесінің маман психологы Ж.Жұматаеваның ұйымдастыруымен тақырыбында семинар кеңес өткізілді.
Семинар кеңеске Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу тобының бас маманы әділет капитаны Ж.Есмаханов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «педагогика психология» кафедрасының ұстаздары,  Облыстық психоневрологиялық ауруханасының психолог маманы, Облыстық жастар денсаулық орталығының маман психологы,  Қызылорда облыстық наркологиялық орталығының маман психологтары, Облыстық прокуратурасының психолог және полиграфы қызметкерлері,  ЗК-169/5 мекемесінің аға нұсқаушы психологы Жүсіпбеков Айдос Бағланұлы және маман психологы Кульбаева Шынар  қатысты. Семинар кеңес барысында мекемедегі контингенттердің психологиясын жатқа білу үшін олармен жұмыс істеу, Өз – өзіне қол жұмсауға бейімді тұлғаларды психиатр мамандарымен бірігіп қабылдауды және де қайғылы жағдайды болдырмау, алдын- алу жолдары түсіндірілді.Қорыта келе психологтар арасында семинарларды жиі өткізу қажет деген ұсыныстар айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<