Заңды білу – заман талабы

1007

0

Облыстық әділет депар­­таментінде «Ха­лық­ты білікті заң кө­мегімен қамтамасыз етудегі мәселелер және оларды шешу жол­дары» тақырыбында се­минар өтті. Жиынға ҚР Парламенті Мәжі­лі­сінің депутаты Б.Кесе­баева, облыстық прокура­ту­раның басқарма басшы­сының орынбасары Б.Нұрмағанбетов, қала­лық №2 сотының судья­сы Ж.Жәкеева, сон­дай-ақ, құқық қор­ғау орган­дарының өкіл­дері, адвокаттар, заң кон­сультанттары қа­тысты.

Жиында сөз алған Мәжіліс депутаты Б.Кесе­баева бүгінгі таң­да халықты білікті заң көмегімен қамтамасыз етуде біршама өзекті мәселелер бар екенін атап өтті. Бұл орайда республика бойынша құқық қорғау саласы мамандарының ұсыныстарын жан-жақ­ты қарап, соның нә­ти­жесінде алдағы уа­қытта тұрғындарға заң кө­мегін көрсетудің жа­­ңаша әдістерін ен­гі­зуге заң жобалары әзір­леніп жатқанын айт­ты. Соның ішінде адво­каттардың қызметін ақ­­параттандыруға ба­сым­дық берілетінін, бұл – халықтың мүддесін қорғаудағы қажетті те­тіктің бірі екенін жеткізді.

Облыстық прокура­тураның басқарма бас­шы­сының орынбасары Б.Нұрмағанбетов баяндамасында тергеушілер мен адвокаттардың қызметін бағалау және оларға ақы төлеу жұмыстарын бір жүйеге түсіру қажеттігін айтты. Сонымен бірге, қазіргі таңда құжат алмасу жұмыстарының бар­лығы электронды түр­де жүзеге асырылып отыр­ғандықтан, сала жұ­мысының сапасы артып келе жатқанына тоқ­талды.

Жиын тақырыбына байланысты құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көр­сету бөлімінің басшысы А.Қосбергенова, Қы­­­­­­зыл­орда қалалық №2 сотының судьясы Ж.Жәкеева баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісіп, қызмет сапасын арттыруға байланысты бірқатар ұсыныстарын ор­таға салды.

– Қазіргі таңда «Е-Заң көмегі» ақпараттық жү­йесін жетілдіру бо­йынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты халықты онлайн режимінде білікті заң кө­мегімен қамтамасыз ету, адвокаттық қыз­метті және Заң кон­сультант­тарының қыз­метін автоматтандыру, жұмыс процесін жеделдету болса, бұл бағытта об­лыста нақты жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде облыс бойынша 139 адвокат халыққа қызмет көрсетуде. Бұл – адвокаттар алқа­сына кірген тұлғалар. Ал заң күшіне енгеннен бері адвокаттар ал­қасы 32 маманмен то­лықты. Сол сияқты, заң консультанттарының саны 151-ге жетті. Ха­лыққа білікті заң көмегін ұсынуда олардан  уақыт сұранысына сай сапалы қызмет көрсету талап етіледі,– дейді А.Қосбергенова.

Жиында облыстық әділет департаменті бас­шысының орынбасары Б.Әлмеш, облыстық полиция департаментінің аса маңызды істер жө­ніндегі аға тергеушісі М.Алиева, облыс бойынша заң консультанттары пала­тасының төрағасы А.Жұмабаев өз салалары бойынша өзекті мәсе­лелерге тоқталып, ұсы­ныс­тарын жеткізді.

Ғазиза ӘБІЛДА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<