Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін түсіндіру шарасы өтті.
Облыс бойынша 1 960 көз мүгедегі есепте тұрады. Шараның мақсаты көрсетілетін қызметтерге теңдей қол жеткізу үшін зағип және көру қабілеті нашар адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері және қызмет алушылардың заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына шағымдану тәртібін түсіндіру.
Шара барысында зағип және көру қабілеті нашар адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері және қызмет алушылардың заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына шағымдану тәртібі Брайль қарпімен жазылған ақпараттық жадынамалар мен аудио-таспалар таратылды. Аталған жадынамалар мен аудио-таспалар Қызылорда облысының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасымен әзірленген.
Сонымен қатар, электронды мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен алу тәртіптері түсіндірілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<