Зағиптарға арналған ақпараттық жадынама пайда болды

340

0

Зағиптарға арналған ақпараттық жадынама пайда болды Қызылордада зағип және көру қабілеті нашар азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында ақпараттық жадынамалар шығарылды.
Брайль қарпімен жазылған бұл кітапшаларда мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері, қызмет алушылардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайдағы шағымдану тәртібі көрсетілген. Сондай-ақ мұндай мәліметтер аудотаспаларға да жазылып, үлестіріле бастады. Аталған жадынамалар өңірдегі зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханада әзірленді. Жалпы, облыс бойынша бүгінде 1 мың 960 көз мүгедегі есепте тұрады. Олардың мемлекеттік қызметті кедергісіз алуы үшін өңірдегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы терезелер ашылып, Брайль қарпімен жазылған тақтайшалар және нұсқаулық құралдары орнатылған.
Абзал Мұхимов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы:
– Бұрын Брайль қарпімен қызмет көрсету тек арнайы орындарда ғана, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, мемлекеттік органдарға қатысты өте тар аяда ғана көрсетілді. Қазір кез келген мемлекеттік органға барған кезде, қажет болса, арнайы ХҚКО-ларға да қою жөнінде тапсырма беріп жатырмыз. Сондықтан ол кісілердің құқықтары шектелмейді, барлық жерде тең құқылы, өзінің қызметін көре алатын болады.
www.24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<