Заман талабына сай «BilimOrtalygy»

45

0

 «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған жобалардың бірі кітапханаларға жаңғырту жұмысын жүргізіп, заманауи білім орталығына айналдыру. Осы мақсатта, қаламыздағы №12 кітапханасында «Bilim Ortalygy» ашылды.

Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ш.Байманов және«Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының орынбасары Е.Байтілес, облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Т.Тілес және қала жастары қатысты.

«Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының орынбасары Е.Байтілес партиялық жобаның маңыздылығына, тиімділігіне тоқталды. Мұнымен қоса қатысушыларға білімге құштар адамдар үшін кітапхана тек кітап оқып кететін жер емес, жайлы демалыс орны мен өзекті тақырыптарды талқылайтын пікірталас алаңдарына айналу керекітігін атап өтті.

  Облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Т.Тілес облыста кітапханаларды білім орталығына айналдыруға байланысты ауқымды жұмыстар атқарылғандығына кеңінен тоқталды.

– Бұл орталық қаламыздағы барлық жастарға қызмет көрсететін болады. Бұл жерде жастардың уақытын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта да ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен білім орталықтарына байланысты бірлесе қабылданған тұжырымдаманы жүйелі түрде жүзеге асырамыз, – деді Т.Тілес.

Сонымен қатар «Bilim Ortalygy» осыған дейін облысымыздың Шиелі, Қармақшы, Сырдария, Арал аудандарында ашылып, түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер тұрақты өткізілетін, жастар жиі бас қосып, өзекті тақырыптар талқыланатын заманауи білім орталығы ретінде жұмыс істеуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз