Заманауи спорт кешендерінің қатары көбеймек

655

0

Сурет: «AMANAT» партиясы

Қызылордада партияның сайлауалды бағдарламасы аясында заманауи спорт кешендерінің қатары артып келеді. Бұған дейін бағдарлама аясында дене шынықтыру – сауықтыру кешендері Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қазалы ауданы, Түктібаев елді мекенінде, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде,Қызылорда қаласына қарасты Ж.Махамбетов ауылында пайдалануға берілген болатын. Жыл соңына дейін мұның қатары тағы бір спорт кешенімен толықпақ.

Жаңа нысанның құрылысымен бүгін партиялық бақылау комиссиясы өкілдері танысып қайтты.

Тасбөгет кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін «Интегрострой» ЖШС-і салуда. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары 85 пайызға аяқталған. Жаттығу құралдары да жеткізілген.

Мониторинг барысында партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы мердігерге ойын алыңындағы жылу желілерін балалардың қауіпсіздігі үшін ыңғайластыру жөнінде ұсыныс білдірді.

Атап өтеу керек «AMANAT» партиясы халықтың денсаулығын нығайтуға, бұқаралық спортқа тартуға баса назар аударып, өзінің сайлауалды бағдарламасы аясында алдағы 5 жылда өңірімізде 15 денешынықтыру – сауықтыру кешендерінің құрылысын салуға қаражат қарастыру, спорт нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арқылы спортпен айналысатын тұрғындардың үлесін 53%-ға дейін арттыруды жоспарлаған болатын. Бағдарлама аясында аймақта спорт құрылымын дамытудың ауқымды жобалары жүзеге асырылып келеді.

Мұнан соң мониторингтік топ «Қызылорда қаласы, Абдрешов көшесінен бастап Астана даңғылы, Көшербаев, Пазылов, Жеңіс көшелері бойымен КНС №29 кәріз құдығына дейінгі кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстарын көрді. Құрылыс нысаны 90% аяқталған. Мердігерлер құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтаймыз деп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<