Заң бар жерде тәртіп бар

47

0

Сонымен елімізде Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтті. Бұл билік пен халық арасындағы байланысты нығайтуға сеп болуда.

Осыған дейін өткен құрылтайларда мемлекетіміз үшін маңызды мәселелер көтеріліп, өз шешімін тапты. Мәселен был­тыр Атырауда өткен жиын  нәти­же­сінде 10 заң жобасына бас­тама­шы­лық жасалып, 9 заң қа­былданды. Биылғы құрылтайда да Президент на­ша­қорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы ке­шенді жос­парды әзірлеуге қазірден бастап кірісу керектігін баса айтты. 

– Нашақорлыққа және есірт­кі бизнесіне қарсы күрес туралы кешенді жоспардың мерзімі биыл бітеді. Бұл құжат 2023 жылы әзірленген. Мұндай жоспар елімізге қажет екені анық. Өйткені осы қауіпті кеселге қарсы күрес – өте маңызды мәселенің бірі. Жаңа құжатты дайындауға қазірден бастап кі­рісу керек. Биыл балаларды зор­лық-зомбылықтан қорғау, өзі­не-өзі қол салудың алдын алу туралы жоспардың мерзімі де аяқталады. Біз әйелдер мен ба­лалардың құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылдадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Егер кешенді жоспар қабылданса бұл қоғамда жат нәрселердің салдарын алдын алуға, құқықбұзушылықты төмендетуге үлкен ықпал ететіні сөзсіз. Жалпы құрылтайда қабылданған шешімдер мен ұсыныстар еліміздің дамуы үшін маңызды болмақ.

Ердәулет ЖАУКЕЕВ,

облыстық полиция департаменті,

жергілікті полиция қызметі

басқармасының бастығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<