Заң бұзушылықтарды жою жөнінде 258 нұсқама берілген

282

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

2023 жылы облыстық бақылау жөніндегі басқарма арқылы жалпы саны 315 тексеріс жұмыстары жүргізіліп, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 258 нұсқама берілген. Оның 225-і өз мерзімінде толық орындалды. Бұл туралы Өңірлік комуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық бақылау жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талант Ерманов хабарлады.

– Жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде сәулет-құрылыс және еңбек бақылау саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 331 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, оларға айыппұл салу жазасы қолданылды. Ал басқарма арқылы көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызметті алуға «Е-лицензирование» порталы арқылы 1 275 өтініш келіп түсті. Оның 695-і бойынша лицензиялар мен аттестаттар берілсе, 254 өтініш біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылды. Қалған 326 өтініш ерікті түрде қайтарып алынды. Еңбек заңнамасын сақтау бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, былтыр облыстағы кәсіпкерлік нысандарына 12 профилактикалық іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 12 нұсқама берілді. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Одан бөлек, 12 ай ішінде облыстағы 137 компанияның еңбекақысын көтеру туралы мәселе көтерілген болатын. Бүгінде ол кәсіпорындарда 49 мыңнан астам жұмыскердің жалақысы орта есеппен 107 пайызға дейін артты. Тағы бір айта кететін жайт, былтыр басқарма қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында 14 дәріс өткізілді. Бұдан бөлек, басқарма қызметінің ашықтығын, оның жұртшылыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желісінде және басқарманың «Gov kz» ресми сайтында 655 мақалалар мен жаңалықтар жарияланды. Сондай-ақ, жұртшылыққа заңдарды насихаттау және түсіндіру мақсатында телеарналар арқылы 3 рет сұхбат беріліп, «Адал көмек» жобасы аясында айына 2 рет жеке қабылдау өткізілді.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<