Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның қағидасы

4

0

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде мереке кезіндегі қауіпсіздік шаралары, кәмелетке толмағандар, бұрын сотталғандар арасындағы құқықбұзушылық про­филактикасы, аумақтық ведомство­аралық комиссия қызметінің қоры­тындылары, комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Облыста «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқық қорғау органдарымен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық­бұзушылықтың алдын алу үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Білім беру ұйымдарының барлығына ювеналды, учаскелік полиция инс­­пекторлары мен жедел уәкіл­дер бекітілген. Құрамында про­ку­ратура, полиция, білім беру, жас­тар ұйымдарының өкілдері бар мобильді топтар құрылып, түнгі рейдтер мен арнайы профи­лактикалық іс-шаралар тұрақты жүргізіледі.

Суицидке бейім балаларды ерте анықтау үшін 181 мыңнан астам бала жаппай диагностика мен сауалнамаға қатыстырылды. «Сенім телефоны», «111» ұлт­тық желісі арқылы тұрақты кері байланыс қамтамасыз етіл­ген. «Aдал бала» цифрлық бі­лім беру платформасы 300 мек­тепке енгізіліп, құ­қықтық мәдениет, қаржылық сауат­тылық, киберқауіпсіздік, бул­лингтің ал­дын алу бағытында сабақтар өткізіліп келеді.

Бұрын сотталғандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, оларды әлеуметтік бейімдеу, еңбекпен қамтуда да кешенді жұ­мыстар қолға алынған. Қазір поли­цияның профилактикалық есебінде 542 адам бар. Қайта қылмыс жасаудың алдын алу үшін бақылау, әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілді. Белгіленген 92 квота бойынша осы жылы босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар жұмыспен қамтылды.

Үкіметтік емес ұйымдар ар­қылы қайта әлеуметтендіруге 14,7 млн теңге бөлініп, әлеуметтік жобалар іске асты. Жұмыссыз ретінде тіркелген 344 адамның 231-і тұрақты, 50-і уақытша жұмысқа орналастырылды.

«Бастау Бизнес» жобасымен 31 азаматқа 48,6 млн теңге қай­тарымсыз мемлекеттік грант бе­рілді, 25 отбасы 13,6 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек алып, 162 азаматқа 2,9 млн теңге қайырымдылық көмек көрсетілді.