«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында студенттермен кездесу өткізілді

12

0

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Ашық университетінің студенттерімен профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесуге Қызылорда облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері мен облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, топтық төбелес, буллинг және суицид сияқты өзекті мәселелердің алдын алу жолдарын түсіндіру болды. Құқық қорғау органдарының өкілдері аталған құқықбұзушылықтардың салдары мен заң аясындағы жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берді.

Шара барысында студенттер сала мамандарына сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға оң ықпал етеді.