Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғам ұстанымы

15

0

Қызылорда қаласының тұрғындары мен жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл шаралар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып, қоғамда заңға құрметті арттыруға, азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.

Үкімет әзірлеген «Заң және тәртіп» тұжы­рымдамасының маңызы мен негізгі басымдықтары кеңінен түсіндірілуде. Аталған тұжырымдама қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу, жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру сынды маңызды бағыттарды қамтиды.

Қаладағы «Aray city mаll» сауда ойын-сауық орталығында ерікті жастардың қатысуымен ақпараттық-түсіндіру акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында ақпараттық үнпарақтар таратылып, тұрғындарға түсін­дірме жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындары бұл бастаманы қолдап, өз ортасында құқықтық мәдениетті дамытудың маңыздылығын насихаттап келеді.

Қауіпсіз Қазақстан – әр азаматтың жауапкершілігі.

Заңға құрмет – тұрақтылықтың, тәртіп – қоғам тыныштығының кепілі.

***

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Ашық универ­ситетінің студенттерімен профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесуге облыстық Полиция департаменті мен облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында құқықбұзушылықтың, топтық төбелес, буллинг және суицид сияқты өзекті мәселелердің алдын алу жолдарын түсіндіру. Құқық қорғау органдарының өкілдері аталған құқықбұзушылықтардың салдары мен заң аясындағы жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берді.

Шара барысында студенттер сала мамандарына сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға оң ықпал етеді.