Заңсыз балық аулаған ауыл тұрғыны ұсталды

694

0

Қызылорда облысы көлемінде «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шара барысында Қызылорда облысы ПД-нің Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 22 мамыр күні қызмет атқару кезінде «Жаңатұрмыс» ауылының тас жолында аудан тұрғыны басқаруындағы «Нива» автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан резіңке қайығы, аккумулятор, тоқ ұрғыш құралы, қапқа салынған балық алынып, сот-сараптама тағайындалды.

Заңсыз балық аулаған ауыл тұрғыны ұсталды

Аталған дерек бойынша  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігі 2-тармақшасымен (заңсыз балық аулау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<