Заңсыз қару сақтаудың үш дерегі анықталды

441

0

Қызылорда облысында демалыс күндері заңсыз қару сақтаудың үш дерегі анықталды.

Қызылордалық полицейлер демалыс күндері рейдтік шаралар барысында заңсыз қару сақтаудың үш фактісін анықтады.

«Мәселен, 14 тамызда Қазалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Сырдария өзенінің жанында ІІО-да тіркелмеген 16 калибрлі, екі ұңғылы аңшылық мылтығын алып жүрген жергілікті тұрғынды тоқтатқан. Осы тектес деректер Арал, Жалағаш аудандарында тіркелді», – деп мәлімдеді аймақтағы полиция департаментінен.

Аталған деректер бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<