Зардап шеккендер жоқ: 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді

194

0

Түркия аумағында магнитудасы 4,7 баллды құрайтын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) ресми мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сейсмикалық оқиға 13 сәуірде Түркияның солтүстік бөлігінде, Самсун қаласынан оңтүстікке қарай шамамен 50 шақырым жерде орын алды. Жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Қазіргі таңда Түркия билігі жер сілкінісіне байланысты алдын ала ақпарат таратты. Әзірге зардап шеккендер немесе инфрақұрылым нысандарына келтірілген шығын жөнінде мәлімет түскен жоқ. Алайда жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметі жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Сейсмологтардың айтуынша, аймақтағы жер сілкінісі – Түркияның белсенді тектоникалық аймақта орналасуымен байланысты табиғи құбылыс. Елдің шығыс және солтүстік бөліктері жиі сілкіністер тіркелетін аймақтардың қатарында.

Түркия соңғы жылдары бірнеше күшті жер сілкінісін бастан өткерді. Сондықтан ел үкіметі мен халық әрдайым төтенше жағдайларға дайын болуды басты назарда ұстайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<