ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАП ТҰТЫЛДЫ

186

0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің  Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері  жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында  Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылына қарасты «Қазанбай» учаскесінде «Тоуоta  Land Cruiser» маркалы автокөлігін тоқтатып заңсыз аң аулау дерегін анықтады. Тексеру барысында 2 бас қарақұйрық, 33 бас құм қояны, екі дана 12 калибрлі 1 ұңғылы мылтық, заттай дәлелдемелер  алынды, деп хабарлайды полиция департментінің баспасөз қызметі. 

Осыған байланысты күдік­ті 32-33 жастағы екі аза­мат­қа қатысты ҚР ҚК-нің 337-ба­бының 4-бөлігімен сотқа дейінгі  тергеп-тексеру жұмыстары жүр­гізіліп, жинақталған материал Жалағаш аудандық сотына жол­данған.

Жалағаш аудандық сотының 2018 жылғы 24 қазандағы үкі­мімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабының 4-бө­лігінің 2, 4 тармақтарымен сот­талушылар Н.Ж. мен Е.Х. екеуіне 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, осы мерзімге про­бациялық бақылауға алын­ған. Сонымен бірге, сотталушылардан мемлекет пайдасына 8 млн 729 мың 978 теңге және 3 млн 284 мың 378 теңге залал өндіруге үкім шығарылған.

Сондай-ақ, «Тоуоta  Land Cruiser» маркалы автокөлігі, екі дана 12 калибрлі 1 ұңғылы мылтық мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкіметтің 2006 жылғы 31 қазандағы №1034 қаулысына сәй­кес, қарақұйрық аңы – жан­уарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне және Қа­зақстан Республикасының Қы­зыл кітабына енгізілген.

«СБ ақпарат».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<