Айта кетейік, кешелі бері әлеуметтік желілерде ауруға шалдыққан Қытай азаматтары осында әкелінеді деген хабарлама тарап жатыр. Одан үрейленген Сартерек және Айнабұлақ ауылының тұрғындары топ болып көшеге шығып, ауруханалардың алдына жиналды. Олар шекараның жабылуын талап еткен. «Өңір әкімі Даниал Ахметов жұртты тыныштандыру үшін Зайсанға келді. Өңірімізге науқас адамдар әкелінеді деген ақпарат жалған. Шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет таратқандар қылмыстық жауапқа тартылатынын еске саламыз», – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Зайсанға коронавирус жұқтырғандар келетіні туралы ақпарат жалған болып шықты
21.02.2020
250
0





