Өзбекше жаңа жыл – Навруз байрам

1721

0

Өзбекше жаңа жыл - Навруз байрам Өткен сенбіде Қызылорда қаласында екінші рет «Шафран» кафесінде Дадашев Кахар Алимович басқаратын облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің ұймдастыруымен Навруз байрам мерекесі тойланды. Шарада облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ибадулла Құттықожаев, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, этномәдени бірлестік өкілдері, қала тұрғындары қатысты.
Навруз байрам – Қазақстандағы Наурыз мерекесінің өзбекше атауы. Мейрамды бірнеше ғасырлар бойы көктемгі күн теңесуінде тойланады. «Навруз» парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағына береді. Аталмыш мереке түрік, иран халықтарына ортақ ежелгі мерекелердің бірі – көктем мен еңбектің, достық пен бейбітшіліктің мерекесі. Бұл күні барша адамдар ескі реніштерді ұмытып, бір-біріне жылы тілектер тілейді.
«Шафран» кафесіндегі салтанатты шара концерттік бағдарламамен және өзбек этномәдени бірлестігі ақсақалдарының алғы сөзімен бастау алды. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ибадулла Құттықожаев, «Қоғамдық келісім» КММ-і директорының орынбасары Р.Ахметова және этномәдени бірлестік жетекшілері мерекелік құттықтау сөз сөйледі.
Навруздың тағы бір белгісі – тағам тарту. Жаңа жылдық тағамның бастысы – сумаляк. Үлкен қазанда бидай дәнінің өскінін мақта майына ұн сала отырып пісіретін сумаляк тағамы денсаулықтың, молшылықтың, жылылықтың белгісі деп танылған. Қонақтарға жайылған мерекелік дастарханда наурыз-көже, өзбек палауы сумаляк, халватар, нишалду сияқты шығыс тағамдары болды.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<