Өзбекстанда алғаш рет коронавирус анықталды

208

0

Өзбекстанда коронавирусқа шалдығудың алғашқы оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨР Санитарлық-эпидемиологиялық саулық агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгін, 15 наурыз күні сағат 06:00-де Республикалық вирусология институтының зертханасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы Францияда болған Өзбекстан азаматынан анықталды. Бұл туралы Өзбекстан елінің Санитарлық-эпидемиологиялық саулық агентітігінің T witter-дегі аккаунтында хабарланады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<