Үздік имам кіші қажылыққа барады

262

0

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Сыр имамдарына қолдау білдіру мақсатында «Жыл имамы» деген атқа лайықты қызметкерге кіші қажылыққа жолдама табысталды, – деп хабарлады өкілдіктің баспасөз қызметі. 

Жолдама жеңіп алудың шарты бойынша бірнеше жылдан бері облысымызда дәстүрлі дінімізді насихаттап діни тұрақтылықты сақтау жолында жүгі мен жауапкершілігі мол қызметті адал атқарып жүрген имам болуы тиіс. Барлық талап бойынша Қазалы ауданы Қызылту ауылы «Жалаңтөс батыр» мешітінің имамы Ғалым Алманиязов лайық деп танылды. 

Облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Қ.Ерназартың демеушілігімен ұйымдастырылған игі шара келер жылы да өз жалғасын таппақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<