Үздік құрастырушылар

296

0

Қызылорда облысы әкімдігі аппаратының «Ақпараттық технология орталығы» мен Қазақстан IT-мамандар Қауымдастығы бірлесіп өткізген «Hackathon-2018» сайысында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жүлделі І орынды жеңіп алды.
Hackathon – бұл веб-сайттарды немесе мобильді қосымшаларды жасайтын құрастырушылар арасында байқау.
«Hackathon-2018» сайысы Жастар ресурстық орталығының қолдауымен өткізіліп, «IТ және Жастар» тақырыбына арналды.Яғни сайыс қатысушыларыжастар өміріне бейімделген кез-келген бағдарламалық нұсқаулық, яғнивеб-сайт, мобильді қосымшалар, 3D-модельдеу және 2D мультипликация дайындау бойынша өз идеяларын ұсынды.
Конкурсқа IT саласына қызығушылық танытқан студенттер мен оқушылар қатысты. Ұсынылған 39 жұмыстың жетеуін Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары таныстырды.
Оның ішінде 9-сынып оқушысы Дидар Ережеп мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт алаңдарының жаңа 3D моделін әзірлеп, көрсетті. Жоба қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, Дидар планшет сыйлығын ұтып алды.
Ал 9-сынып оқушысы Сұлтан Қанидыңавтоматтандырылған ретранслит жүйесі – қазақ тілінің кириллицадан латын әріптеріне аудару жөніндегі жобасы арнайы жүлдемен марапатталды.  
Сұлтан Рахымжан PHP-де өз бағдарламалық сервисінтолыққанды веб-сайтта таныстырды. Жастар ресурстық орталығыжобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытты.
Жарыстың ең үздік жұмысы 11-сынып оқушылары Нұрбол Бижігіт, Анастасия Денисова және Тоғжан Есқожаның жобасыболып танылды. Балалар дербес деректерді криптографиялық қорғауды және шифрлануды қолдана отырып, адамдар арасында хабар алмасу кезінде ақпараттың жайылып кетуін қорғауды қамтамасыз ететін жаңа әлеуметтік желіні ұсынды.
– Бұл онлайн-қызметтің бағдарламасыноқушылар өздеріжазып шықты. Платформа тегін хостингте орналастырылып, көрсетілді. Әлеуметтік желі қолдануға өте ыңғайлы. «Ақылды таспаның» алғашқы тіркелушілері жас бағдарламашылардың сыныптастары болды, – деді жоба жетекшісі, Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Анар Кенесары.
Бұл жоба қазылар алқасы тарапынанжоғары бағаланып, балалар сайысабсолютті жеңімпаздары деп танылып, 30 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды. 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<