Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай Қармақшы ауданы, Жосалы кенті №250 Т. Көмекбаев атындағы мектеп-лицейінде аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында жарыс өткізілді.
Жарысқа Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №5 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінен құралған топ қатысты. Жарыс 5 түрлі спорт түрінен өткізілді. Атап айтқанда: футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, гір тасын көтеру және дойбы.
Аталған жарыс 11 команда арасынан гір тасын көтеру жарысынан жүлделі – 1 орын, футбол ойынынан – 2 орын, жеңіл атлетика мен дойбы жарысынан бақ сынасып, 3 орынды иеленді. Бірлесе қатысқан бұл жарыста жалпы командалық есеп бойынша 2 орынды иеленді.
Сондай-ақ, футбол ойынынан жалпы командалар арасынан «Үздік шабуылшы» номинациясын Қармақшы ауданы №5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Айтбақов Қуандық иеленді.
Қармақшы ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<