Жаңақорғанда жасалған өнім «Қазақстанның үздік тауары – 2018» облыстық көрме-байқауының «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. «Асем тас» серіктестігінің жетекшісі Жомарт Шауенов арнайы «Диплом» иеленіп әрі қазан айында Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары – 2018» республикалық көрме-байқауына жолдама алды.





