Үздіктер марапатталды

217

0

Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен білім саласының үздіктерін марапаттауға арналған «Жыл таңдауы-2019»  атты шарасы өтті.

Сол жағалаудағы зәулім ғимарат «Болашақ» универси­тетінде үздік мұғалімдердің есімі аталып, марапатталды. Ме­рекелік шараға қатысқан «Бо­лашақ» университетінің ғы­­лыми же­текшісі, экономика ғы­лымдарының докторы, ҚР ұлттық академиясының ака­­демигі, профессор Б.Дос­манбетов ұстаздарды құттықтап,  арнайы номинацияларды тапсырды.

Ұрпақ тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген білікті ұстаздарды облыстық білім жә­не ғылым қызметкерлері кә­сіп­одағының төрайымы Рай­күл Бай­назарова марапат­тады.  Сон­дай-ақ, шарада ҚР кә­сіподақтар федерация­сы «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» байқауында облыс орталығын­дағы №198 мектеп 3-орын иеленгені атап айтылып, арнайы марапатқа ие болды. Мерекелік жиын шәкірттердің ұстаздарға арнаған ән-жырымен, биімен жалғасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<