Қызылордада салауатты өмір салтын жандарына серік еткен халық қызметшілері күнделікті кабинеттік жұмыстарын аяқ добына айырбастады.
Еліміздегі мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның құрылғанына 20 жылдығы аясында «23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілерден құралған командалар арасында шағын футболдан облыстық турнир өткізілді.
Турнирде облыс, қала, аудан әкімдіктері мен департамент, инспекциялардың намысын қорғап, аяқ добынан мықтыларды анықтау үшін 12 команда өзара бақ сынасты.
Тартысты өткен сайыста Шиелі ауданы әкімдігінің командасы нағыз аяқ добының шеберлері екендігін дәлелдеп, 1-ші орынды иеленсе, жүлделі 2-ші орынды облыстық соттар әкімшісі және 3-ші орынды Қармақшы ауданы әкімдігінің командалары қанжығаларына байлады.
Аталған турнирді өткізуге «Браунис» ЖШС демеушілік көрсетіп, сайыс барысында қатысушыларға кондитерлік өнімдер мен сусындар тегін ұсынылды.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогымен және дипломымен марапатталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<