Зейнетақы жинағын алу: 2024 жылы ең төменгі жеткіліктілік шегі қандай болады

352

0

Фото: БЖЗҚ

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2024 жылға арналған зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері бұрынғы деңгейде қалды. Оның көлемін мына сілтемеден көре аласыз.

Естеріңізге сала кетейік, ТЖШ – ай сайынғы зейнетақының мөлшерін ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес деңгейде қамтамасыз етуге қажетті зейнетақы жинағының ең төменгі мөлшері.

Бұл әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, сондай-ақ болашақ зейнетақы жарналарының болжамды есептеулеріне (ең төменгі жалақы мөлшерінен) және инвестициялық табыстылыққа сүйене отырып анықталатын зейнетақы жинақтарының бағалау сомасы. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі – бұл салымшының зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш.

ТЖШ есептеу зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

Әдістемеге сәйкес, есептеу кезінде 2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылды:

1) ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері-57 853 теңге;

4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің

шамасы – 43 407 теңге.

Ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшерін бұрынғы деңгейде сақтау (2023 жылмен салыстырғанда өсірмей, өзгеріссіз қалдыру) ішінара кірістің болжамды жылдық пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылауына да байланысты.

Осылайша бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен болжамды есептеулерді ескере отырып, 2024 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері ағымдағы деңгейде сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<