Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы бүкіл ақшасын қайда жұмсай алады?

766

0

Сурет ашық дереккөзден

Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы бүкіл ақшасын емделу мен тұрғын үй сатып алу үшін ала алады деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік кодекс аясында 1 шілдеден бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында еңбек өтілі бар зейнеткерлерге жинақталған зейнетақы қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге жұмсау құқығы берілгені хабарланды.

«Былтырғы 1 шілдеден бастап еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін «Отбасы банкі» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ немесе екінші деңгейлі банктерге тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған қаражатқа жүгіне алады.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану үшін жоғарыда аталған интернет-платформа арқылы «Отбасы банкі» АҚ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» ғана жүгіну қажет», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ азаматтарға жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделіп, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану құқығын берді.

Бұл құқықты келесі санаттағылар пайдалана алады:

  • БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар. Олар «жеткіліктілікті соманың ең төменгі шегінің» бір бөлігін пайдалана алады;
  • зейнетақысы жоғалған табыс сомасының (бұрын алған жалақысының) кемінде 40%-ын құрайтын белгіленген зейнеткерлер. Олар БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтар сомасының 50% дейін пайдалана алады;
  • өзі үшін зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар – БЖЗҚ-да қалған соманы ала алады.

Бұл ереже жұмыс істейтін азаматтарды да, зейнеткерлерді де қамтиды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<