ЖАҢА БАСПАНА – КӨП ҚУАНЫШЫ

358

0

ЖАҢА БАСПАНА – КӨП ҚУАНЫШЫ Мемлекеттік бағдарла­ма­лардың нәти­же­сінде соңғы бес жылда облыс бойынша аумағы 524,6 мың шаршы метрді құрайтын 305 көпқабатты тұрғын үй салынып, 6487 пәтер пайдалануға берілді. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар  қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Марсбек Молдабаев мәлімдеді.
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі – мемлекет үшін басты бағыттардың бірі.  Осыған сәйкес облыста тұрғын үй құрылысы ерекше қарқынмен жүргізіліп келеді. Бес жылда баспана кезегін күткендердің көпшілігі қоныс тойын тойлады.  Осы бағытта жұмыстар жалғасын тауып, Сырдария өзенің сол жағалауында және аудан орталықтарында  көпқабатты  тұрғын үйлердің құрылысы  да жүріп жатыр.
Брифингте  басқарма басшысы Марсбек Рүстемұлы үстіміздегі жылы 1726 пәтерден тұратын 42 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне берілетінін айтты. Сонымен қатар  апатты үйлердің жайы да сөз болды. Бұл мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауында.  Қаладағы осындай баспана иелеріне үй бөлудің негізділігін анықтау мақ­сатында арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. 2013 жылдан бастап қазіргі кезге дейін қала бойынша 33 көппәтерлі  тұрғын үй апатты жағ­дайда екені анықталды. Нәти­жесінде  тұрғындарға 14 көп­қа­­батты тұрғын үйден 671 пәтер берілді.  
Брифингте қала әкімінің орынбасары  Берік Сәрменбаев тұрғын үйі апаттық  жағдайда деп танылуына байланысты тұрғын үй қорынан берілген үйді жекешелендіруге әрекет жасап жатқандар жиі ұшырасқанын айтып, бұл әрекет қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы екенін ескертті.
С.ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<