Жаңа әліпби – тіл тазалығының кепілі

367

0

Жаңа әліпби – тіл тазалығының кепілі Қызылорда қаласындағы М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырумен «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік кеңістікке бастар жол» атты облыстық семинар өтті.

 Қазақ әліпбиін кириллицадан латын әліпбиіне біртіндеп көшіруге байланысты түсіндіру, насихаттау мақсатында өткізілген семинарға облысымыздағы мәдениет қызметкерлері, тіл жанашырлары   қатысты.

Семинар барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов латын әліпбиіне  көшудің тарихи тағылымы мен өркениетке ілесудегі ілгерінді сипатына ғылыми тұрғыдан талдау жасады.

Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар  Одағы облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітова, «Тіл мерейі» республикалық қоғамдық газетінің редакторы Миуа Байназарова латын әліпбиі жөнінде өзіндік тұжырымдарын ортаға салды.

Тіл жанашырларының бұл жиыны ұлттық санаға қатысты ойларымызды байыта түсіп,  латын әліпбиіне көшудің біз білуге тиіс қыр-сырларына бойлады.

Маржан ӘШІРАПБАЕВА,

ҚМУ-дің студенті.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<