
– Жобалық кеңсенің барлық өңірде филиалы ашылып жатыр. Басты мақсат – мемлекеттік орган қызметінде жемқорлыққа қарсы заманауи стандарттарды енгізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен жою. Сондай-ақ, қоршаған орта саласындағы мәселелерді шешуге бағытталады, – деді “Ақмешіт адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағанбетов.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа моделіне айналған жобада тәуелсіз сарапшылар мен кәсіби мамандар жұмыс жасайтын болады. Алдағы уақытта әр сала бойынша да осындай кеңселік жобалар құрылмақ.
– Мұндай кеңсе жер-жерде ашылып отыр. Біздің өңірде де маңызы
зор. Себебі, экологиялық аймақ болғандықтан, бұл тұрғыда түйіні шешілмеген түйткілді мәселе жетерлік. Оны жан-жақты зерттеп, шешімін табу, облысты таза аймаққа айналдыру біздің міндетіміз, – деді жобалық кеңсе басшысы Ы.Мұсабаев.
“СБ” ақпарат.