Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының сарапшылары Қызылорда медициналық жоғары колледжінің ұжымымен кездесті.
Биыл білім ордасында мейірбике ісі, эпидемиология,стоматология, фармация, зертханалық диагностика және басқа да бейіндербойынша 500-ге жуық жас маманға жолдама беріледі. Олар жаңа денсаулық сақтаужүйесі – МӘМС бойынша жұмыс жасайды. Осыған орай филиал мамандары жастарғажаңа жүйенің ерекшелігі мен маңызын жан-жақты әңгімелеп, кеңінентүсіндірді.
«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтікмедициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдендірілгенкөлемінің (бұдан әрі – ТМККК) қаржылық операторы және медициналық қызметтерүшін бірыңғай төлеуші болды» – деп атап өтті сарапшылар. Барлық медициналыққызметтер екі пакет – МӘМС және ТМККК айналасында топтастырылған. Кепілдіпакетте – әлеуметтік маңызды ауруларды емдеу (онкология, туберкулез,психиатрия), жедел жәрдем, санавиация, алғашқы медициналық-санитариялық,шұғыл, паллиативтік көмек қарастырылса, МӘМС пакетінде жоспарлы диагностикамен емдеу қызметтерінің кең ауқымы бар. Қор мамандарының айтуынша, ТМКККеліміздің барлық азаматтарына арналған. Ал МӘМС пакеті тек сақтандырылған азаматтарүшін. Егер төлемдердің түспеуі үш айдан артса МӘМС пакетіне құқығы болмайды.
БарлыбекБАТЫР.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<