Осыған орай, бүгін аудан әкімінің орынбасары Бектемір Ұлыбекұлы мен «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мырзағұлұлы аудандық перзентханаға барып, жас сәбилердің аналарына арналған аудан əкімінің құттықтауы мен сый-сияпат табыс етті.
Сондай-ақ, өмірге перзент әкелген ардақты аналарға зор денсаулық тілеп, сәбилердің аман-сау боп, елдің айтулы азаматы болып өсуіне тілектестіктерін білдірді.
Өз кезегінде жас аналар да ризашылықтары мен алғыстарын жеткізді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<