Жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

244

0

Кеше Сырдария ауданында Жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Ғ.Қазантаев қатысып, аудан тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық қорытындылары жөнінде баяндама жасады
– 2018 жыл мерейтойларға толы жемісті, берекелі жыл болды. Астана қаласының 20 жылдық, Қызылорда қаласының 200 жылдық және ауданымыздың 90 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өттік. Есепті кезеңге аудандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 5,2 млрд. теңгені құрап, 16,4 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім 11 айдың қорытындысы бойынша 11 миллиард 780 миллион теңгені құрап, 103,8 пайызға өсті. Аудан бойынша 20 874 гектар күріш дақылынан 53,0 центнерден өнім алынып, барлығы 111 158 тонна астық жиналды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 18,2 пайызға артты. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 85,2 пайызды құрап, жыл басымен салыстырғанда 18,6 пайызға өсті. Үстіміздегі жылдың 11 айында 491 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артты. Инновациялық мектеп лицейлердің желісін көбейту мақсатында №129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектебіне мектеп-лицей статусы берілді,- деген аудан басшысы келесі жылы ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен «Жастар жылы» аясында өнерлі жастарды қолдау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан аға буын өкілдеріне алғыс білдіріп, дендеріне саулық тіледі. Шара барысында аудан басшысы Ғ.Қазантаев бірқатар азаматтарға «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағын табыс етті.
Сонымен қатар, әр сала бойынша 16 азаматқа «Жыл үздігі» номинациясы берілді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<