Жаңа жылда Қазақстанда күшті аяз болады

240

0

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Жаңа жылда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, – деп хабарлайды BNews.kz.

«Алдағы екі тәулікте Қазақстан территориясы арқылы атмосфералық фронттардың өтуімен солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қармен бірге бұрқасын болып, ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Бірақ 31 желтоқсанда бұл аймақтарда күн суытып, жаңа жыл түнінде аяз 25-30, кей жерлерде 33-38 градусқа дейін күшейеді, республиканың шығысында түнде 2 қаңтарда кей жерлерде аяз минус 40 градусқа дейін күшейеді», – делінген хабарламада.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашын, жылбысқы қар, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Бұл аймақтарда да жаңа жыл түнінде температура 3-8, кей жерлерде 15-20 градус аязға дейін төмендейді.

Батыс облыстарында жаңа жыл күндері жылбысқы қар, тұман және көктайғақ күтіледі және ауа температурасының аздаған ауытқуы көпжылдық нормаға жақын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<