Жаңарған Қызылорда

332

0

Жаңарған Қызылорда  Қызылорда қаласының 200 жылдық тарихы бар. Осындай атаулы мерекеге орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Жаңарған Қызылорда» тақырыбында фото-көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге көз тартар мәдени орындар, «Шірік Рабат қалашығы», «Жанкент жаңғырығы», «Үш астана атанған – Сығанақ қаласы», «Қорасан ата кесенесі», «Бегім ана», «Өткір көз, орақ тілді Оқшы ата» мен «Қорқыт ата ескерткіш кешені» жайлы қызықты деректер қойылды. 30-ға жуық фотоматериалдар, Сыр өңірінен шығатын әдеби-мәдени көпшілік журналдар да көпшілік қызығушылығын тудырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта кітап көрме қалада жаңадан  салынып жатқан сол жағалау келбетімен толығады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<