Арал ауданы ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша, «Ізденіс жолы» қоғамдық қоры мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қамбаш көлі жағалауында демалушы жастардың қатысуымен жағажай волейболынан сайыс өткізілді.Сайысқа жастардан құралған барлығы 8 команда қатысып, сайысқа түсті.
Сайыс қорытындысымен жүлделі І орынмен – «Қамбаш» командасы, ІІ орынды – «Жігер» және ІІІ орынды – «Жақсықылыш» командалары иеленді. Сайыс соңында командалар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.





