Бүгін облыс орталығы – Қызылорда қаласында Арал ауданының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.
Тауар өндірушілердің өнімдерін тікелей халыққа жеткізу мақсатында өткізілген жәрмеңкеге ауданнан барлығы 65,0 тоннаға жуық өнім, оның ішінде 2,9 тонна ет өнімдері, 350 литр шұбат, 12 тонна мұздатылған және ысталған балық, 45 тонна көкөніс өнімдері және 3 тонна ас тұзы жеткізіліп, халыққа төмен бағада ұсынылды.
Атап өту қажет, ауданның балық өңдейтін кәсіпорындарынан жеткізілген мұздатылған және ысталған балық өнімдері қызу сұраныспен саудаланды.
Жәрмеңкеде қала тұрғындары өздері асыға күтетін теңізді өлкеден жеткізілген өнімдерін қажетінше алып, ризашылықтарын жеткізуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<