ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ШЫРШАСЫ

290

0

Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы «Айбибі» салтанат сарайында аудан жастарының бастамасымен ерекше жағдайдағы балалардың жаңа жылдық шыршасына ұласты.
Мерекелік шараның алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов алып, барша жұртшылықты және балаларды келе жатқан мерекемен құттықтады. Ауданның ағымдағы жылғы білім саласындағы жетістіктеріне тоқталып, жаңа жыл әрдайым жақсылығымен келсін деп өз тілектестігін білдірді.
Сонымен қатар, салтанатты шарада кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Көштаев, әйелдер кеңесінің төрайымы Әсия Мадиева сөз алып, бүлдіршіндерді Жаңа жылдарымен құттықтады.
Кеш барысында әуелете ән шырқалып, шараға қатысушылар өз өнерлерін Аяз Ата мен Қаршақызға көрсетіп, түрлі сыйлықтарға ие болды. Шыршаны айнала билеген бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. Жаңа жылдық шырша аясында салтанатты дастархан жайылды. Жаңа жылдық шыршаға қатысқан 100-ге жуық балаларға тәтті-дәмділер үлестіріліп, әр бала сыйлыққа ие болды.  
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі 200 балаға сыйлықтар таратылатын болады. Ерекше жағдайдағы балалардың Жаңа жылдық шыршасына қолдау білдіріп, қол ұшын созған барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<