Жалағашта белгілі тұлғаларға көше атауы берілді

454

0

Бүгін Жалағаш ауданы Мәдениет тіректі елді мекенінде тыл және еңбек ардагері, Мәдениет ауылының негізін қалаушылардың бірі Зарлық Қауқаевқа және КСРО Жоғарғы Советінің депутаты, атақты күрішші, өндіріс бригадирі Айнаш Балғабаеваға көше атауы берілді.
Еңбек адамдарының мәртебесін арттыру, рухына тағзым ету мақсатындағы салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов ашып, еңбектің ерен үлгісін көрсетіп, артына өшпестей із қалдырған бұл азаматтардың есімі қай кезде де ел есінде болатынын, алдағы уақытта аудан орталығындағы «Тағзым» аллеясына Айнаш Балғабаеваның мүсіні орнатылатынын атап өтті.
Салтанатты шарада аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Садық Әлиев, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, сатирик-журналист, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Қазына Өзденбаева, жыршы-термеші, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері Жұмабек Аққұлов сөз алып, естеліктерімен бөлісті.
Айта кетейік, Зарлық Қауқаев – ауылдық, аудандық, облыстық кеңестің депутаты. «Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылдағы қажырлы еңбегі үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл», «Еңбек ардагері» медальдары мен «Қазақстанға – 15 жыл», «Қазақ КСР-на – 50 жыл» төсбелгілерінің иегері.
Ал, Айнаш Балғабаева – КСРО Жоғарғы Советінің депутаты, ХХVI съезінің делегаты, «Еңбек Қызыл Ту» ордені, «Октябрь революциясы» орденінің иегері, күрішші, өндіріс бригадирі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<