Жалағашта көлік ұрлағандар ұсталды

211

0

Жалағаш ауданында «Lada Kalina» маркалы автокөлігін ұрлағандар ұсталды.

«Көліктің ұрланғаны туралы ақпарат түскеннен кейін, полиция қызметкерлері дереу іске кірісті. Нәтижесінде тас жол бойында жаяу кетіп бара жатқан екі азаматты анықтады. Олар заңсыз айдап кеткен автокөлікті жасыру мақсатында жол жиегіне шығарып қойған. Күдікті ретінде Жалағаш кентінің 31 және 39 жастағы екі тұрғыны қолға түсті. Олар Жалағаш ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Айғақ зат ретінде алынған автокөлік айып тұрағына қойылды. Тергеу жүріп жатыр», – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<