Жалағашта үздік жас мемлекеттік қызметші анықталды

231

0

Жалағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында мемлекеттік қызмет беделін арттыру, жас мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру мақсатында  «Үздік жас мемлекеттік қызметші» конкурсының марапаттау салтанаты өтті. 

Салтанатты аудан әкімінің орынбасары Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы жүргізіп, мемлекеттік қызметшілерді айтулы мерекесімен құттықтап, конкурс жеңімпаздарын дипломдармен марапаттады. Барлық қатысушыларға Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің бағалы сыйлықтары табысталды.

Ал, конкурс қорытындысы бойынша аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әбуов Ерболат Ғабденұлы «Үздік жас мемлекеттік қызметші» атанды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<