Жалағаштық кәсіпкерлермен жүздесті

404

0

Жалағаштық кәсіпкерлермен жүздесті Кеше облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Бекарыс Нұриманов, бөлім маманы, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов Жалағаш ауданының кәсіпкерлерімен кездесті.
Кездесуде Бекарыс Нуриманов:
– Кез келген мемлекеттің дамуына серпін беретін күш – сол елдің кәсіпкер азаматтары. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттарының бірі – кәсіпкерлерді қолдау, олардың игі істерін елге жеткізу. Ендеше, мемлекеттің тірегі мен мықты әскеріне айналған кәсіпкер азаматтардың ұлттың дамуына қосып жатқан еңбектеріне табыс тілейміз, – дей келе, бірқатар ұсынысын ортаға салды.
Сондай-ақ, жиында елдегі әлеуметтік мәселелер, оларды шешу тетіктері талқыланып, қоғамды позитивті бағытта дамыту жайлы рухани әңгімелер айтылды.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі