Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында кадрлық тағайындау таныстырылды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес аудан әкімінің өкімімен Дүйсекеев Жасұлан Талғатұлы аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Жасұлан Талғатұлы, 1990 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін Халықаралық құқық мамандығы бойынша, Америка Құрама Штаттарындағы Массачуссеттс штатының Гринфилд Университетін Бизнес администрация мамандығы бойынша, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қызылорда облысының сыртқы байланыстар басқармасында бас инспектор болып бастаған.
2014-2015 жылдары Қызылорда облысының сыртқы байланыстар басқармасының жетекші маманы, бас маманы,
2015-2016 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының сыртқы байланыс бөлімінің бас маманы, 2016-2019 жылдары Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, бас инспекторы;
2019-2023 жылдары Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы басшысының орынбасары;
2024 жылдың ақпан айынан бастап аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы лауазымын абыроймен атқарып келді.
«Аудан әкімі аппаратының басшысына облыс әкімінің аппаратымен, облыстық басқармалармен, аудандық мәслихат және кент, ауылдық округі әкімдері аппараттарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, аудан әкімдігі мен аудан әкімінің қызметін қамтамасыз етуде аппараттың құрылымдық бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру, аудан әкімдігінің және аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету сынды функционалдық міндеттер бекітілген.
Жасұлан Талғатұлы, Өзіңіздің мемлекеттік қызметтегі, оның ішінде басқарушы лауазымдарда тәжірибеңіздің арқасында өз жұмысыңызды кәсіби деңгейде атқарады деп сенемін»,-деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<