Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш ауданы жастарының қорытынды шарасына қатысты. Жастар саясатының жүзеге асуына сүбелі үлес қосып, қоғамның қозғаушы күшіне айналған бүгінгі бастамашыл буынды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, белсенді жастарға құрмет көрсетті.
Салтанатты шарада білім, денсаулық, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы, кұқық қорғау, кәсіпкерлік салаларынан және ерікті жас, үздік оқушы мен өнертапқыш жастар дәстүрлі «ЖАЛЫН» жастар сыйлығының VII толқынына топтасты.
«Ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда аудандағы жалпы жастар саны 10 866 болса, бұл аудан халқының 30,1 пайызын құрайды.
2024 жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 20 млн. 389 мың теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, жастарды дамыту мен қолдауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4 жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 10 млн. 692 мың теңге қаржы қаралды.
Волонтерлік қызмет көрсету бойынша «Jalyndy jas» еріктілер мектебінің жұмысы жыл санап өз маңыздылығын көрсетуде.
Бүгінгі күнге дейін еріктілер Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамашыл топтарды және еріктілерді қолдауға арналған шағын гранттарын жеңіп алу арқылы аудан жастары 3 Coworking орталығы 3 спорттық үйірме, ерекше балаларды қолдау бағытында 2 мекемеге материалдық демеушілік жасалды.
Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы алдағы уақытта ауданымызда жаңадан салынып жатқан «Руханият» орталығына орналасатын болады. Бұл өз кезегінде жастардың кең көлемде жұмыс жасауына өз септігін тигізеді», – деді аудан әкімі Ардан Ибраимов.
Жалағаш ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<