Жалағаш ауданы «Алтын күз – 2025» салтанатында озат аудан атанды

139

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Кеше Қызылорда қаласында өткен «Алтын күз – 2025» салтанатты жиынында Жалағаш ауданы облыстағы ауыл шаруашылығы саласындағы жоғары көрсеткіштері үшін «Озат аудан» номинациясымен марапатталды. Марапатты облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аудан әкімі Ардақ Ибраимовке табыстады.

Сонымен қатар, салтанатты шарада Жалағаш ауданынан ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген бірқатар озат мамандар мен шаруашылық басшылары түрлі номинациялар бойынша марапатқа ие болды.

Жалағаш ауданы «Алтын күз – 2025» салтанатында озат аудан атанды