Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен «Саналы ұрпақ – болашақ кепілі тақырыбындағы форум аясында аудан бойынша құқық қорғау органдарының, жауапты салалардың басшыларымен бірге мәжіліс отырысы өтті, деп хабарлады Syrboyi.kz.
Аудан әкімі Ардақ Ибраимов жастардың жарқын болашағын қалыптастыру жолында нақты тапасырмалар жүктеді.
Жалағаш ауданы әкімдігінің хабарлауынша, мәжіліс отырысында кәмелетке толмаған балалардың сабақтан қалу деректері, түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүру және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында құқықтық түсіндірме жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Бұл бағыттағы құқықтық түсіндірме жұмыстары және профилактика барысында құқық бұзушылық деректерін анықтау жұмыстарын белсенді жалғастыру қажеттігі айтылды.
Сондай-ақ бала тәрбиесіндегі ата-аналардың, жауапты тұлғалардың жауапкершілігі туралы бейнеролик әзірлеп, кеңінен насихаттау ескертілді.
Жауапты сала басшыларына оқушылар арасындағы топтық төбелес пен қылмыстылықтың алдын алу бағытында кешенді шараларды ұйымдастыру қатаң тапсырылды.
Бүгінде жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, заңға бағынушы азамат ретінде құқықтық тәлім– тәрбие беру – заман талабы.
Айта кетейік, «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы республикалық «Ана тілі» газетіне берген сұқбатында «Жастарымыз халқымыздың болмысына жат идеялардың жетегінде кетпесе, күйзеліске түспесе, нигилизмге бой алдырмаса екен деп тілеймін. Олардың белсенді, тәртіпті, білімпаз, еңбекқор болғанын қалаймын» деп, жастар арасындағы зиянды әдеттерге айрықша тоқталып өтті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<