Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

193

0

Фото: Жалағаш ауданы

Кеше Жалағаш кентіндегі Абай көшесінің бойында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде аудан әкімі Ардақ Ибраимов жергілікті өнімдердің бағаларымен танысып, нарық бағасынан төмен бағада ұсынған сауда иелеріне алғыс білдірді.

Жәрмеңке барысында аудан тұрғындарына 15 автокөлікпен 59,2 тонна азық-түлік өнімдері ұсынылды. Оның ішінде, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан 15 тонна картоп, 10 тонна жуа және күнбағыс майы төмен бағамен аудан тұрғындарына әкелінді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<