Мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар аясында Жалағаш ауданында бірқатар маңызды әлеуметтік жоба іске асырылуда. Атап айтқанда «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Жалағаш кентінің кіреберісі, орталық алаң және ішкі көшелер абаттандырылуда. Елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны қоршалып, аяқ су жүргізіліп, насос сатып алынды.
Ұлттық қор есебінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 50 тұрғын үй сатып алуға 480 млн теңге бөлінді. Қазір жеке кәсіпкерлер аудан орталығынан тұрғын үйлер құрылысын салуда.
«Учаскелік полиция инспекторларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге биыл аудандық бюджеттен 40 млн теңге бөлініп, қазір мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Нәтижесінде 10 елді мекеннен тұрғын үй табысталады. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жобалар жыл аяғына дейін толық аяқталады. Сапасы жеке бақылауымда», – деді аудан әкімі Асқарбек Есжанов.
Ауданда жалпы құны 13,1 млрд теңгені құрайтын 35 нысанның жоба-сметалық құжаттары дайындалып, республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландыру үшін салалық басқармаларға бюджеттік өтінім тапсырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<